Е.Т. Нұрмағанбет. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру сатысындағы адвокат- қорғаушының іс әрекетінің процессуалдық мәселелері. Монография

Адвокат-қорғаушының сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында процессуалдық мәселелерін монографиялық деңгейде жүргізіліп отырған құқықтық реформалар және 2015 жыл қабылданған Қылмыстық процестік кодекстіңнегізінде жасалған жаңа көзғарастағы зерттеу болып табылады.
Монографияда жүргізілген зерттеу нәтижесінде автор адвокатура туралы заңнаманы және қылмыстық процестегі адвокат-қорғаушының өкілеттіктеріне қатысты қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Монографияда адвокаттық қызметте және қылмыстық процесте қорғаумен айналысқысы келетін тұлғаларға қойылатын талаптар анықталған. Адвокаттық қызмет құқықтарды қорғау үшін арнайы құрылған және құқық қорғау қызметін, әсіресе қылмыстық-процестік саласында жүзеге асыруға жақсы бейімделген институт болып табылатынын, aл адвокаттың өзі қылмыстық процесте қорғаушының алдында тұрған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін және сол арқылы әркімнің білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік беретін тұлға болуы керек екендігін айтады. Осыған байланысты ізденуші қорғаушының қылмыстық процесте қатысу формаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізеді. Қылмыстық процестегі қорғаушының құқықтарын одан әрі кеңейту және қызметіне кепілдік беру қажеттілігін негіздейді және осыған байланысты осы кепілдіктерді процестік заңға бекіту туралы нақты ұсыныстар айтылған.
Кітап сатылымда, бағасын баспадан білуге болады.
Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.


