Е.Т. Нұрмағанбет. Алдын ала тергеу барысында дәлелдемелерді бағылаудың мәселелері. Монография

Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу қылмыстық іс жүргізудің өзегі ғана емес, сонымен қатар, оның қозғалтқыш күші, яғни, оған сипат беретін, оны сезілетін құбылыс ететін күш болып табылады. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеусіз анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу бойынша қызметі мүмкін емес. Дәлелдемелерді бағалау дәлелдеу үрдісінің күрделі бөліктерінің бірі болып табылады. Ол алдын ала тергеуді және сот талқылауының мақсатты жүргізудің, заңды және негізделген прцессуалдық шешімдер қабылдаудың, заңды дұрыс қолданудың қажетті шарты болып қызмет етеді.
Моногафияда осы мәселені зерттеуде автордың алдын ала тергеу барысындағы дәлелдемелерді бағалауды түсіну және іске асыру мәселелерін зерттеуді жүргізгенінде болып табылады. ҚР ҚІЖК және кодекстің дәлелдемелерді бағалауға қатысты ережелерін іске асырудың айрықша тәжірибесі алынған нәтижелердің жаңалығы үшін алғышарт болды. Автор алдын ала тергеу сатысында дәлелдемелерді бағалауды шектейтін факторларды анықтады және сипаттады, сонымен қатар аталған факторларды жоққа шығарудың ерекше әдістерін ұсынды.
Кітап сатылымда, бағасын баспадан білуге болады.
Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.


