М. Сабыр. Алтын Орда дәуірі: Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы (ХІVғ.)

Алтын Орда дәуірі: Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы (ХІVғ.). Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы. монография. – Алматы: «Liber»
баспасы, 2023 – 320 б.
ISBN 978-601-7608-72-9
Монографияда Алтын Орда дәуірінің тарихи-мәдени және тілдік үдерістері жан-жақты сараланған. Қазақ жұртының Еуразия тарихындағы осы ұлы империяның, Ұлық Ұлыстың бүгінгі мұрагері екендігі әдеби, тілдік тұрғыдан дәлелденген.
ХІV ғасырда жазылған Алтын Орда дәуірінің құнды жазба ескерткіші Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасының тілі жан-жақты зерттелген. Қазақ тілінің қайнар көзі болып табылатын бұл жәдігерліктің дыбыс жүйесі, орфографиялық ерекшеліктері, лексикалық қабаттары, тұрақты сөз тіркестері, реликт түбір тұлғалары, морфологиялық көрсеткіштері қазіргі қазақ тілі деректерімен салыстырыла қарастырылып, көне қыпшақ тілінде жазылған жәдігерліктің қазақ тіліне бір табан жақын екені анықталған. «ХШ» поэмасы ежелгі дәуір әдебиетінің мұрасы ретінде қарастырылған.
Еңбек жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарына, оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге арналған.
Кітап сатылымда, бағасын баспадан білуге болады.
Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.


