М. Сaбыр. Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы

Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы. / М. Сaбыр. – Алмaты: «Liber» баспасы, 2021. – 464 б.
ISBN 978-601-7608-31-6
Бұл ғылыми еңбекте ХІІІ-ХІV ғасырларда, Алтын Орда дәуірінде жазылған жазба ескерткіштер (ХШ, Мн, Г, НФ, КК, Таф І) тілі көне қыпшақ тілі ретінде кешенді қарастырылып, қазақ тілімен сабақтастығы жан-жақты зерттелген. Көне қыпшақ тілі мен мен қазіргі қазақ тілінің ұқсастықтарын, диахрондық тұрғыдан байланыстылығын, айырмашылықтарын саралай келе, ғасырдан ғасырға ұласқан тіл сабақтастығы анықталған. Жазба ескерткіштер тілінің қазақ тіліне қатысы, жақындығы нақты тілдік деректермен көрсетіліп, фоно-морфо-семантикалық деңгейдегі ұқсастықтары жан-жақты зерттелді. Көне қыпшақ тілі қазіргі қазақ әдеби тілінің алғашқы бой көрсетуі, бастауы екендігі дәлелденген.
Зерттеу еңбек жоғары орындары филология факультеті студенттеріне, сондай-ақ ізденушілер мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы тіл тарихына қызығатын ғылыми көпшілік қауымға арналған.
Кітап сатылымда, бағасын баспадан білуге болады.
Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.


