Үзілмеген жол. Дала аманаты

Үзілмеген жол. Дала аманаты

«Үзілмеген жол» – Дүзбай әулетінің тағдыры арқылы бір әулеттің ғана емес, тұтас бір дәуірдің шежіресін баяндайтын деректі-көркем шығарма.

Бұл жол Жетісудың қасиетті Желсайынан басталып, талай тарихи сыннан өтеді. Жетімдік пен жесірлік, туған жерден амалсыз көшу, Қытайдағы ұзақ жылдар, атамекенге қайта оралу – әулеттің әр буынын жаңа сынаққа салды. Бірақ қанша уақыт өтсе де, бір нәрсе үзілген жоқ: ата-бабадан қалған аманат пен Дүзбай рухы.

Осы жолдың өзегінде Имаш тұр. Он үш жасында қара шаңырақтың үлкені болып қалған ол өз басының тағдырынан бұрын ағайынның амандығын ойлап, жетім қалған балаларды бауырына басты, әулеттің бірлігін сақтады. Оның өміріндегі әрбір шешім кейінгі ұрпақтың тағдырына айналды.

Имаштан жалғасқан аманатты Құрманғали біліммен, ал Несіпхан мейіріммен, берекемен және ағайынның бірлігімен жалғастырды. Әр ұрпақ өз дәуірінде осы аманатқа өзінше үлес қосты. Осылайша, бір адамның өмір жолы тұтас әулеттің рухани жолына айналды.

«Үзілмеген жол» – өткенді ғана еске алатын шежіре емес. Бұл – уақыт пен тағдырдың талай сынағынан өтсе де жоғалмаған Дүзбай рухы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан аманат, туған жерге деген сағыныш және қара шаңырақтың қасиеті туралы сыр.

Жол үзілмеді. Аманат жоғалмады. Дүзбай рухы ұрпақпен бірге жалғасып келеді.

1-1 №1 Кривая Форзац

1-2 №2 Кривая Форзац

Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.