Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін

Тілегенов Б.
Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін. Деректі хикаят. Құрастырған Д. Имамбай. – Алматы: «TURAN» баспасы, 2023. – 168 бет.
ISBN 978-601-81037-5-9
Белгілі музыкант, еліміздегі фольклорлық музыка көш-басшыларының бірі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегенов жайлы бұл кітап музыканттың қалыптасу жолы, өмірдегі белестері мен жетістіктері жайлы сыр шертеді. Көп жылдан бері «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне басшылық етіп, дәстүрлі музыканың беделін биіктетуге елеулі үлес қосып келе жатқан тұлғаның өнерде өзіндік қолтаңбасы бар. Кітаптың бірінші бөлімі өмір мен өнербаянға арналса, екінші бөлімінде кейіпкер өзінің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен ұстаздары жайлы толғанады. Кітаптың үшінші бөліміне қазақтың айтулы тұлғалары мен шетелдік әріптестерінің жүрекжарды лебіздері топтастырылды.
Кітап музыкант қауымына және көпшілік оқырманға арналған.
Сазген сазы
1. Н. Тіленидев – Алатау
2. Б. Жолбарысұлы – Бақтыбайдың әуені
3. М. Шаханов, А. Аблахат – Мен туралы ойладың ба бақтарда
4. Халық әні – Шилі өзен
5. Халық әні – Япурай
6. Жалдыбай – Қаражорға
7. Байжігіт – Бөкен жарғақ
8. Халық әні – Жаскелін
9. Халық әні – Бүлдірген
10. Ықылас – Аққу аңызы
11. Сүгір – Шалқыма
12. Халық әні – Шіркінай
13. Халық әні – Жариам айдай
14. Ақансері – Балқадиша
15. Байжігіт – Көкбалақ
16. Қазақ әндерінен ән шашу
17. Н. Тілендиев – Жекпе-жек