Нұрлан Сәдір. «Қазақтың Аманжолы»
Нұрлан Сәдір. «Қазақтың Аманжолы» (Қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз, БАҚ ұйымдастырушысы Аманжол Зинуллиннің ғибратты өмірі туралы естеліктер, құжаттар жинағы). «Біздің елдің жігіттері» сериясы. – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2024. – 336 бет.
Бұл кітап еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін зор еңбек сіңірген қайраткер, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы; түрлі мекеме, зауыттардың басшысы; Орал қаласы әкімінің орынбасары, БҚО әкімінің кеңесшісі; 40-тан аса ғылыми еңбектің авторы, «Еділ-Жайық» газетінің құрылтайшысы әрі редакторы, БҚО ҚХА жанындағы «Еділ-Жайық» қазақтар қауымдастығын жетекшісі, тіл жанашыры, Орал қалалық және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттарының (V, V шақырылым бойынша тұрақты комиссия төрағасы) депутаты, «Құрмет» орденінің және бірнеше медальдардың иегері Зинуллин Аманжол Зейноллаұлына (1949 – 2021) арналған. Кітапта А.Зинуллиннің замандастарының естеліктері, мақалалар, құжаттар, арнау жырлар мен фотосуреттер жинақталған.
Кітап жалпы көпшілік оқырманға арналған.