Мәңгілік мұра. Антология
Қазақ халқының бай рухани-мәдени мұрасының ерекше арнасы – сан ғасырлық тарихы бар дәстүрлі музыкалық өнері. Бұл жинақта белгілі дыбыс режиссері, музыка зерттеуші Мақсат Мұхитденовтың жеке мұрағатында сақталған қазақтың көрнекті әнші-күйші, жыршыларының орындауындағы үнтаспалар жинақталып, назарларыңызға ұсынылып отыр. Жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге дыбыс режиссері Мақсат Мұхитденов жазған үнтаспалар берілді. Екінші бөлімге Мақсат Мұхитденовтың жеке мұрағатында сақталған үнтаспалар енгізілді. Мақсат Мұхитденовтың дыбыс режиссерлығымен құрастырылған альбомдық жинақтар мен архив материалдары үшінші бөлімге енгізілді.
Жинақ жоғарғы және орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, музыка зерттеушілеріне, сонымен қатар жалпы өнерсүйер жұртшылыққа арналады.