Күміс көмей – Күріш әнші. К. Сахарбаева
Күміс көмей – Күріш әнші: Зерттеулер, естеліктер, сұхбаттар / Құраст. автор К. Сахарбаева, – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2021. – 268 б.
ISBN
«Күміс көмей – Күріш әнші» жинағында Халық арасынан шыққан танымал талант, дәстүрлі әнші, «Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері Күріш Құбашұлы Тасболатовтың өнер жолы туралы баяндалады.
«Таланттың төрт құбыласы түгел» – дегендей кәсіби мамандығы сауда- экономика саласы болғанымен К.Тасболатовтың қазақ ән өнерінде сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол, Маңғыстаудың «Жеті қайқы» өнері, батыс ән мектебімен шектелмей бүкіл республика әншілік дәстүрін меңгерген тұлға.
Жинақта танымал ақындар, кемел жазушылар, ғалым-зерттеушілер, әнтанушылар, жергілікті журналистер, жалпы өнер сүйер қауымның әншілік өнері жайлы пікірлерімен бірге, өмір өзегінде тәрбиелік мәні бар адами да мамани қасиеттерін айшықтаған дос-жарандарының, туысқандарының пікірлері топтастырылған.
Жинақ музыкалық оқу орындарының барлық деңгейіне және жалпы оқырман қауымға арналады.