ДОМБЫРА САЗЫ
«ДОМБЫРА САЗЫ» – академик А.Жұбанов, профессор Х.Тастанов сынды көрнекті ғалым-ұстаздардың зерттеулеріне сүйене отырып, авторлардың мол ұстаздық тәжірибесі мен оқу-әдістемелік жұмыстары негізінде жазылған оқулық. Қазақтың күйшілік өнеріне арналған бұл еңбек ұстаздарға, музыкалық мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ домбыра аспабын үйреніп, жанына серік еткен өнер сүйер қауымға арналады.