«Анама толғау». Тұяқберді Шәмелов
«АНАМА ТОЛҒАУ»
Қазақстанның халық артисі, күйші Тұяқберді Шәмеловтің әндері мен күйлері
Өмірбаян
Қазақстанның халық артисі, күйші – композитор Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов 1951 жылы 6 қыркүйекте БҚО Бөкейордасы ауданы, Саралжын ауылында дүниеге келген.1969 жылы орта мектепті бітіріп, П.Чайковский атындағы музыка училищесінде күйші Тілеш Бәделовтен, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында Қазақстанның халық артисі Қали Жантілеуовтен білім алды.
Ұлтымыздың ұлылығы мен даналығын құдіретті күймен күмбірлеткен, киелі қазақтың домбырасын 40 жылдан астам серік еткен Тұяқберді Шәмелов саналы ғұмырын Құманғазы оркестріне арнады. Қатардағы домбырашыдан жеке орындаушы деңгейіне көтеріліп, бас концертмейстер, өмірінің соңына дейін оркестрдің көркемдік жетекшісі қызметін абыроймен атқарды.
Т.Шәмелов 1994 жылы Қазақстанның еңбегі сіңген артисі, 1998 жылы Қазақстанның халық артисі атағына ие болып, 2006 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Дәулескер күйші 2012 жылы өмірден өтті.
Күйші Тұяқберді Шәмеловтің күйлері мен әндерінен құралған бұл жинақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі ұжымының дәулескер күйшінің 70 жылдық мерейтойына арнаған тартуы болып табылады.
«Мың тұяқтың дүбірі – бір Тұяқтың саусағы!»
Қазақстанның халық жазушысы, Қадыр Мырзалиев
«Тұяқ баламды күй өнерінде ешкім кеміте алмайды, ол шебер күйші, күйді түсініп орындайды, мен оны мұрагерім деп санап, батамды бердім»…
Қазақстанның халық артисі, күйші Қали Жантілеуов
«Екеуміздің әкеміз біреу, ол – Қали Жантілеуов. Тұяқ, сен осы сөзді есіңде сақта»…
КСРО халық артисі, дирижер Нұрғиса Тілендиев
«Тұяқ оркестрге шынайы берілген кадровый музыкант, дыбысының сұлулығымен ұтымды күйші»…
КСРО халық артисі, профессор, дирижер Шамғон Қажығалиев
«Тұяқ күй орындағанда аяулы ұстазымыз Қалекеңді еске түсіреді»…
КСРО халық артисі, композитор Еркеғали Рахмадиев
«Тұяқ – күйшілігімен қатар сазды әндерімен де ерекшеленеді».
Профессор, халық артисі, композитор Базарбай Жұманиязов
«Қалекең туған топырақтан Тұяқтың шығуы және концертмейстер болуы заңдылық па деп ойлаймын»…
Қазақстанның халық артисі, күйші Қаршыға Ахмедияров
«Анама толғау»
Қазақстанның халық артисі, күйші Тұяқберді Шәмеловтің әндері мен күйлері
CD. Толығырақ →