Текті сөздің төресі. Термелер жинағы

Текті сөздің төресі. Түркістан мақамдары

Бұл жинаққа Түркістан өңірінен шыққан Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қызыл жырау, Құлыншақ Кемелұлы, Құтпай Дүрбаев, Қайыпназар Әйтпенов, Қасқырбай Серікбаев (Қасқыр ақын), Ағман Сабырханов, Жиенбек Шырынбеков, Әбдінәсір Әбдірайымов сияқты ақындардың сөздеріне мақам шығарып, ел ішінде орындап жүрген жыршы-термеші Тәшман Шекеров, Ергешбай Жұмабаев, Оразқожа Бекахметов, Өмірзақ Сұлтанмұратов, Темірхан Төлебаев, Бауыржан Бекахметов, Сәкен Бегманов, Қанат Дауылбаев т.б. орындаушылардың нотаға түсірілген мақам саздары енгізілді.
Кітап интерактивті заманауи IT-технологияларға сүйенген медиаконтентпен сүйемелденеді, жинаққа енгізілген термелерді QR-код арқылы тыңдауға болады.
Қазақтың терме өнеріне арналған бұл еңбек ұстаздарға, музыкалық мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне, өнерді жанына серік еткен барша қауымға арналады.

Текті сөздің төресі. Термелер жинағы (QR ). Термелерді онлайн тыңдау →