Домбыра сазы. QR 1

Әдістемелік бөлімдермен I-V сыныптарға нотасымен берілген күйлердің жинақтағы сан ретімен берілген аудиожазбалары
Талапкерлердің домбырада тартылатын күйлердің дәстүрлік, мектепаралық, өңірлік және жанрлық ерекшеліктерінен жан-жақты хабардар болып, кеңінен танып, таза үйренуі үшін қосымша І және ІІ бөлімдерде аудио жазбалары ұсынылып отыр. І-бөлімге әдістемелік және I-V сыныптарға деңгейлеріне қарай арналып нотасымен берілген күйлердің үн жазылымдары топтастырылып, орындаушылармен дыбыс студияларында тікелей жазылды. ІІ-бөлімге түрлі бұраудағы жыр және құлақ күйлер, науайы тақырыбындағы, тарихи – тартыс, лирикалық – психологиялық тағыда жан-жануарларға, табиғатқа, көрнекті тұлғаларға арналған туындылар, сонымен қатар «қоңыр», «толғау», «ақжелең», «қосбасар», «шалқыма», «байжұма», «ілме», «терісқақпай» тәрізді т.б. аттас және жанрлардағы күйлер енгізілді. Аталған күйлер орындалу мәнеріне қарай сұрыпталып, көрнекті күйшілердің және кейінгі буын авторлар мен орындаушылардың жеке қорларынан алынып және тікелей студияларда жазуы арқылы да жинақталды. Сонымен қатар, күй жазбаларына белгілі күйшілер мұрагерлерінен және орындаушылардың келісімімен жеке қорлардан алынған туындылар, сондай-ақ, сараптамадан өткен түрлі аудио жинақтарындағы нақтылы нұсқалары да келісіммен алынып, сілтеме арқылы топтастырылды.
Ескерту: І-ІІ бөлімдердегі аудио (үн) жазбалар тізімінде көрсетілген қосымша сандық белгілер: мысалы: 1. 27- 11. бірінші сан – жинақ атауын, екінші сан – CD дискі номерін,, үшінші сан – орындалған күйдің реттік санын білдіреді.
Таблицадағы қысқартылған сөздер: а.ж.қ. – автордың жеке қоры; а.қ.м.ж.қ..-авторлық құқ мұрагерінің жеке қоры; А.Р. ж.қ. –А.Райымбергеновтың жеке қоры; к.а.А.Ж.ж.қ.. – Кітап авторы А.Жайымовтың жеке қоры; Кітап авторы Б.Ысқақовтың жеке қоры – к.а.Б.Ы. ж.қ..; Кітап авторы К.Сахарбаеваның жеке қоры – к.а.К.С.ж.қ..; о.ж.қ.. – орындаушының жеке қоры; о.м.ж.қ.. – орындаушы мұрагерінің жеке қоры; ҚҰК ф.ғ.з.л – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлы-ғылыми зерттеу лабораториясы; құр.- құрастырушы; ҚР Ұ.к.қ. – Қазақстан республикасы Ұлттық кітапхана қоры; обл – облыс; ор. – орындаған, РТРК АҚ А.қ. – Республикалық телерадио коорпорациясы, акционерлік қоғамы «Алтын қор» мұрағаты; с.т.ж. – студияда тікелей жазылған; ст.-студия. –
Қолданылған аудио жинақтар: 1. («Күй Қаршыға» (құр. К.Сахарбаева, жоба жетекшісі Н.Ахмедиярова. Құрманғазы атындағы «Классика KZ» теле-радио кешенінде дайындалып, АҚШ дыбыс жазу студиясынан шығарған Р.Ахмедиярова); 2. «Дария-күйдің кемесі» (құр. К.Сахарбаева. Қазақ кітабы баспасы); 3. ҚР Ұлттық кітапхана қоры; 4. «Баба – сарын бабауы» (Маңғыстау обл. әкімдігі тапсырысы. Әкім А.С.Айдарбаев-төраға, орынбасары Мәдениет басқармасы басшысы Б.Базарбаев. ИП Писаренко Р.А.) 5. «Атырау обл. музыкалық мұрасы» (КМҚК «Атырау обл. ғылыми методикалық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» ЖК «Универсал» Атырау обл. әкімдігінің тапсырысымен шығарылған. Әкім Б. С.Ізмұхамбетов); 6. «Сарыарқа саздары» (құр. Б.Ысқақов); 7. РТРК АҚ А.қ.; 8. «Күй шақыртқы» Б.Мүптекеев орындауындағы күйлер. (редакторлар Б.Бекмұхамбет, М.Медеубек, музыкалық редактор Б.Нұрқасымов, күйлер Құрманғазы атындағы ҚҰК фольклорлық ғылыми зерттеу лабораториясы қорынан алынған, о.м.ж.қ..; 9. «Саз зергері – Қазанғап» ор. С.Балмағамбетов. құр. Б.Балмағамбетова (а.м.ж.қ.); 10. Тұяқберді Шәмелов «Күйлер жинағы» (а.м.ж.қ..); «Күйдің пірі – Қазанғап»- Ж.Асылханов орындауындағы күйлер (Ақтөбе обл. Мәднеиет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Димаш Али» ст.)
QR- 1, 2 үнжазылымдарының дыбыс режисеры С.Бақыраденов.