Ахметов Б.Б. Кибернетикалық қауіпсіздік жүйелеріне инвестициялау процесінде шешім қабылдауды қолдаудың интеллектуалды жүйелері

Ахметов Б.Б. Кибернетикалық қауіпсіздік жүйелеріне инвестициялау процесінде шешім қабылдауды қолдаудың интеллектуалды жүйелері

Монография ойын теориясын ақпараттандыру объектілерінің (АОБ) киберқауіпсіздігіне инвестициялаудың ұтымды стратегияларын іздеу міндетіне қолдануға арналған. Зерттеу нәтижелері дұрыс таңдалған киберқауіпсіздікке инвестициялау стратегиясы АОБ ақпараттық активтерін жоғалту тәуекелдерін азайтып қана қоймай, сайып келгенде оның табыстылығын арттыруға ықпал ететінін дәлелдеді. Қорғаушы және шабуылдаушы тараптардың қаржылық ресурстары туралы анық емес ақпарат жағдайында ақпараттандыру объектілеріне нысаналы кибернетикалық шабуылдарға (АТР-шабуылдарға) қарсы тұрудың көп факторлы модельдері қаралды. Қолданыстағы тәсілдерден айырмашылығы, қорғаушы-ойыншы мен объектіге шабуыл жасайтын ойыншының күй динамикасын қарсыласу тараптарының қаржылық ресурстарына әсер ететін көп өлшемді айнымалылардың динамикасын сипаттайтын дискретті теңдеулер жүйесі арқылы анықтауға болады деген болжамға негізделген модельдер ұсынылған. Жүргізілген зерттеулер шеңберінде тараптардың қаржылық мүмкіндіктері контекстінде мақсатты АРТ-шабуылдарға қарсы тұру процесінің басқарылуын бірнеше терминалды беттері бар екі сызықты көп сатылы ойынды шешу негізінде және қарама-қарсы тараптардың қаржылық ресурстары туралы анық емес ақпаратпен ойын тәсілі тұрғысынан сипаттауға болатындығы көрсетілді.
Монография IT саласындағы мамандарға, ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, магистранттарға, докторанттарға және киберқауіпсіздік саласындағы мәселелерге қызығушылық танытқандарға арналған.

Кітап сатылымда, бағасын баспадан білуге болады.


Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.