Орақ Жауырұлы. “ӨНЕР – ӨМІРДІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨРІСІ”

Бұл жинақ белгілі домбырашы, атақты дирижёр, композитор Орақ Жауырұлының шығармашылығына арналған.
Жинақта Орақ Жауырұлының домбыра аспабын үйретудегі, орындаушылық үрдісін жетілдірудегі әдістері (он этюді), күй шығармашылығы (он күйі), дирижёрлық қызметіндегі ұлттық оркестрлердің репертуарлық өзекті мәселелері, дирижёр мамандығына керекті тәжірибелерімен бөліскен мақалалары және т.б. пайымдаулары енген.
Бұл – «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасының білім алушыларының бейіндік пәндеріне арналған әдістемелік жинақ.
Композитордың төл күйлері жеке орындауларда және оның 60 жылдық мерейтойға арналған концерті, ұлт аспаптар оркестрімен дирижёрлаған кейбір күйлері, «QR» топтамаларында берілген.
Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.
Дәулеткерей – «Топан», орындайтын Орақ Жауыров
Құрманғазы – «Кішкентай», орындайтын Орақ Жауыров
1. Құсайынов Сейілхан – «Мереке». Орындаған «Нарын» халық аспаптар оркестрі, дирижер О.Жауыров
2. Құрманғазы – «Серпер». Орындаған Маңғыстау облысы Абыл Тарақұлы атындағы оркестр, дирижер О.Жауыров (Аманбек Махуұлы Сүндетов досының 70 жылдық мерейтойы, Ақтау қаласы. Концерт жүргізуші К.Сахарбаева)
3. Орақ Жауырұлының 75 жылдық мерей тойына арналған Атырау қаласында өткен «Сал домбыра – шалқар күй» атты Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрінің қатысуымен өткен онлайн концерті.
Жүргізуші – «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның «Құрметті журналисі», «Атырау облысының Құрметті азаматы» Өтепберген Әлімгереев.
Концерт бағдарламасында орындалған шығармалар:
1. Орақ Жауыров «Бойтұмарым – Томарлым» – орындайтын оркестр, дирижер автор
2. Орақ Жауыров «Ата-қоныс Қайыршақты» – орындайтын оркестр, дирижер автор
3. Орақ Жауыров «Дарабозым» – орындайтын оркестр, дирижер автор
4. Дәулеткерей «Көроғлы» жеке домбырада Орақ Жауырұлы
5. Орақ Жауыров «Шаттық думан» – орындайтын оркестр, дирижер автор
6. Өмір – сайран-ай орындайтын оркестр, дирижер автор
7. Орақ Жауыров «Зытып келем, зытып келем» – орындайтын оркестр, дирижер автор
8. Ермұрат Үсенов «Атырауым – ата-мекенім» композитордың Орақ Жауырұлының 60 жылдық мерейтойына тартуы – дирижер Орақ Жауырұлы
9. Нұрлан Бекенов «Тойға шашу» Орақ жауырұлының мерейтойына шашу. Дирижер автор


