Мұрат жолы. Естелік кітап

Мұрат жолы. Естелік кітап. / Сегізбаева С. – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2025 – 192 бет.
Бұл кітап – Мұраттың жарқын бейнесін, оның балалық шағынан бастап өткен жолын, елге сіңірген еңбегін ұрпақтары ұмытпасын деген ниетпен қағазға түсіреді.
Кітапта Мұраттың балалық шағының қиындықтары, әкесінен ерте айырылып, анасының ауыр еңбегімен өскені, соғыс зардабын көрген ұрпақтың тағдыры шынайы суреттеледі. Мұраттың мектептегі жылдары, еңбекке ерте араласуы, білімге деген құштарлығы, әскердегі қызметі және елге сыйлы азамат болып қалыптасу жолы естеліктер мен газет беттерінде жарияланған мақалалар арқылы әсерлі баяндалады.
Бұл кітап ұрпаққа үлгі боларлық шығарма.


