Тасбағамбет Омарұлы. Ғұмыр альбомы

Тасбағамбет Омарұлы
Ғұмыр альбомы
Тасбағамбет Омарұлына бабалары түсінде аян беріп кітап жаз деп бұйырған автордың 2018 жылы «Замана қасіреті бабалар дәстүр-тәрбиесі», 2019 жылы «Ақиқат жолы», 2023 жылы «Өмір жемістері» атты кітаптарын редакциялап оқырмандарға жол тартқан еді.
Автор Тасбағамбет Омарұлының «Ғұмыр альбомы» атты кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі “Әруақ пен рухқа тағзым” және екінші бөлім – “Ғұмыр альбомы”.
Өмір көрген Тасбағамбет ағамыздың баталы толғауларында жас ұрпақ үлгі алар мол өнеге бар. Баба тарихты ұлықтау, болашақ жастарды дәріптеу, ғылым-білімге талпынып, өркениетті қоғамға бет алу шар айнасы іспетті.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.