Тахауи Ахтанов театрының тарихы мен бүгінгі келбеті

Тахауи Ахтанов театрының тарихы мен бүгінгі келбеті.

Еркебай А.С.
Тахауи Ахтанов театрының тарихы мен бүгінгі келбеті.

Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург, ayдармашы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тахауи Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына арналған кітап альбом еліміздің мәдени тарихында өз орнын алып келе жатқан өнер ордаларының бірі – Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының сексен сегіз жыл ішіндегі шығармашылық тарихын баяндайтын алғашқы толымды үлкен еңбек.
Ахтанов театрының тарихындағы кезеңдік спектакльдер фотосуреттер мен қысқаша мәтіндік талдау арқылы өнер ұжымының шығармашылық бағыт-бағдарын, қарым қабілетін бағамдауға мүмкіндік жасалды.
Кітап альбом театр сүйер қауымға, сахна өнеріне қызығушылық танытқан жалпы жұртшылыққа арналады.

 


1. Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының тарихы

2. Жабал Ерғалиев – «Есігіңді қаққан кім?»

3. Уильям Шекспир – «Гамлет» трагедиясы

4. Р. Отарбаев – «Темір Нарком» (тарихи драма)

5. Светқали Нұржан – «Ер Едіге» (этнофольклорлық тарихи драма)

6. Н.В. Гоголь – «Ревизор» (комедия)

7. Уильям Шекспир – «Ричард ІІІ» трагедия

8. Джюдженоглу Тунджер – «Лавина»

9. И. Меччид – «Аң патшасы Арыстан» (Симба)